15 тәулікке қамалған әнші Қайрат Нұртасты өнердегі әріптестердің ішінде кімдер қолдады? Әлеуметтік желіде қарапайым халықтан бастап эстрада жұлдыздарына дейін әншіге қолдау білдіріп отыр.
Алғашқылардың бірі болып әріптес інісіне ағалық ақылын айтып, достық туралы сыр шерткен Мейрам Беспаев жазба қалдырған болатын.
«Кейде есігіңнен күліп кіріп, текеметіңді тіліп кететіндер болады. Адам аласы ішінде ғой. Досым деп жүріп домалақ арыз жазып, құны қымбат достықты қастыққа айырбастай салатын хайуандар көбейді. Қайрат інім, Құдай жаныңа қуат берсін. Бұлттың артынан күн шығатыны секілді, әр жамандықтың артынан үлкен жақсылық болатыны ақиқат. Енді абайлап жүрші. Маңайыңда жүргендерді сұрыптап қарашы. Сені сатқан ақымақтың жазасын Алла...