Қытайлық кәсіпкер Қазақстанда жаңа кен орнын ашатынын мәлімдеді. Жаңа кен орны Алматы маңында болады. Бұл істі Pacific Holding Company басқарма төрағасы Цзян Сяофу қолға алмақшы.
ШЫҰ саммиті қарсыңында Астанада Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесі өтті. Іс-шараға 500-ден астам бизнес өкілдері мен 50-ден астам ірі қытайлық компаниялардың өкілдері жиналды.
Іскерлік кеңеске келгендер арасында Pacific Holding Company басқарма төрағасы Цзян Сяофу да бар. Кәсіпкер еліміздегі ірі жобаларға инвестиция салып, бизнес жасап келеді. Қытайлық кәсіпкер елімізде ірі жобаны қолға алып жатқанын жеткізді.
«Қазақстанда кен орнын ашу жоспары тұр. Наурыз айынан бастап кен орнына 1 млрд АҚШ доллары шамасында...