ШЫҰ саммитіне байланысты Астананың орталық көшелеріндегі автотұрақтарға көлік қоюға тыйым салынды. Мәңгілік ел даңғылы, Достық, Түркістан, Қонаев және Қабанбай батыр даңғылдарының бойындағы автотұрақтарды пайдалануға болмайды. Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлайды.
Елордада 2-4 шілде аралығында ШЫҰ саммиті өтеді. Соған байланысты террористік қауіптің «сары» деңгейі енгізілген. «Сары» деңгей енгізілген кезде жекелеген аумақтарда көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысы шектеледі.
«Қаланың әкімшілік полиция басқармасы осыған байланысты «сары» деңгейдегі іс-қимыл кезеңінде тұрғындарға Мәңгілік ел даңғылы, Достық, Түркістан, Қонаев және Қабанбай батыр даңғылдарының бойында орналасқан тұрғын үй кешендерінің жанындағы автотұрақтарды пайдалануға тыйым салынады деп хабарлайды», -деп...