Иранның Golden Line кеме қатынасымен айналысатын компаниясы Қазақстанды Бендер-Аббас портында терминал салуда ынтымақтастық орнатуға шақырды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин мен аталған компания президенті Әли Акбар Эхсанимен кездесуі барысында айтылды.
Жеке компания тауарлардың транзитімен және экспортымен айналысады. Сонымен қатар контейнерлік тиеу және түсіру, сақтау қызметтерін, сондай-ақ Иранның Каспиан портында көлік-логистикалық қызметтердің басқа түрлерін көрсетеді. Бүгінгі таңда компания Қазақстаннан және Орталық Азияның басқа елдерінен, Ресей мен Әзербайжаннан Парсы шығанағы, Үнді мұхиты, Азия және Африка елдерінің порттарына түрлі жүктердің экспорты мен транзиті бойынша өз қызметтерін кеңейтуге мүдделі.
Кездесу барысында Әли Акбар Эхсани жақында компанияның негізгі тиеу-түсіру қуаттары мен кемелер...