Ислам даму банкі Қазақстандағы инфрақұрылымдық жобаларды қолдауға шамамен 2 млрд доллар қаржы бөледі.
Үкімет ақпаратына сүйенсек, OPEC халықаралық даму қоры ұйымдастырған форумда ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Араб координациялық тобына кіретін ислам даму институты өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстан Үкіметі мен Ислам даму банкі арасында бірқатар келісімге қол қойылды.
«Келісім биыл су шаруашылығы және көлік салаларындағы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін ұзақмерзімді инвестициялар тарту туралы бұған дейін қол жеткізілген келісімдерді бекітті. Осы мақсатта Ислам даму банкі 2 млрд долларға дейін қаржы бөледі», – делінген Үкімет хабарламасында.
Су ресурстары және ирригация министрлігі биыл қаржыландыруға дайын 16 жобаны дайындаған. Атап айтқанда, су...