Еуроодақ елдері Ресейге қарсы санкцияларды айналып өтудің алдын алу үшін Беларусь мемлекетіне жаңа шектеулер енгізуге келісті. Бұл туралы Reuters агенттігі жазады.
Еуропалық дипломаттардың бірінің айтуынша, Беларуське қарсы салынатын санкциялар қос мақсаттағы тауарлар, соның ішінде тұрмыстық техникада қолданылатын чип, сондай-ақ озық технология мен әскери өнімдерге қатысты болмақ.
«ЕО-ның тұрақты өкілдері Беларусьқа қарсы санкциялардың жаңа пакеті бойынша нақты келісімге келді», – делінген X желісіндегі мәлімдемеде.
Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Лейен де Беларуське қарсы салынатын сакциялар пакеті туралы келісімді құптаған. Ол X желісінде жаңа шектеулердің арқасында Ресейге қарсы санкциялар «одан да тиімдірек» болатынын...