Конституциялық комиссия жаңа қоғамдық келісімнің сипатын анықтайтын Ата Заң жобасын жариялады.
Жарияланған Конституция жобасында Преамбула толығымен өзгертілген. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан қоғамы маңызды өзгерістерге ұшырады.
Жалпы алғанда, Преамбуланың өзгеруі Қазақстанның дамуындағы келесі эволюциялық кезеңді белгілейді және қазақ қоғамының ұстанатын құндылықтарын айқындайды.
Осы орайда, заң мен тәртіп сақталатын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары қорғалатын, қоршаған ортаға қамқорлық жасау жолына түскен Әділетті Қазақстан идеясын бекіту – қоғамның бұл мәселелерді жете түсінгенін мен есейгенін, сондай-ақ заманауи Қазақстанның қағидаттары мен идеалдарының бойына толық сіңіргенін көрсетеді.
Одан бөлек, осы құндылықтар Конституцияның барлық баптарында көрініс табады.
Бұл әмбебап идеялар бүгін де өзекті, әрі болашақта да өзектілігін жоғалтпайды, сондықтан...