Қазақстан қор биржасының (KASE) акцияларын Мәскеу биржасынан (MOEX) кері сатып алу туралы шешім қабылданса, Ұлттық банк мұны өз қаражаты есебінен жүзеге асырады. Бұл туралы бас банк басшысы Тимур Сүлейменов Сенат кулуарында айтты.
«Ұлттық банктің KASE-де 47% үлесі бар. Бізде өз қаражатымыз бар. Егер бұл жағдай орын алса (биржа акцияларын сатып алу керек болса – ред.) біз сол қаражат есебінен KASE акцияларын сатып аламыз», – деді Сүлейменов.
Ол Мәскеу биржасынан акцияларды сатып алумен қатар басқа да нұсқалар қарастырылып жатқанын тағы да нақтылады.
Еске сала кетсек, АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) Мәскеу...