Еурокомиссия сәрсенбі күні авто өндірушілерге шілдеден бастап Қытайдан электр көліктерін әкелуге қатысты тарифтің өсетінін хабарлады деп жазды Financial Times. Осы ресми мәлімдеменің қарсаңында қытайлық электр көлік өндірушілердің акциясы арзандады.
Толығырақ
Еурокомиссия шілдеден бастап Қытайдан электромобиль әкелуге 25%-ға дейін қосымша баж салығын енгізуге шешім қабылдады. Бұл жаңалықты FT-ге осы ақпараттан нақты хабары бар адамдар жеткізген. Баж салығы әзірге қарашадағы негізгі дауыс беруге дейін уақытша енгізілмек. Жоспар бойынша, жаңа тариф ЕО бюджетіне миллиардтаған еуро пайда әкелуі тиіс. Өйткені ол жақта қазір қытайлық электр көліктердің сатылымы артып жатыр дейді басылым.
Rhodium Group сарапшыларының мәлімдеуінше, Қытай өткен жылы ЕО елдеріне 10 млрд...