Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында 2 122 үй әлі де су астында тұр. Бұл жайлы Үкімет сағатында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты.
Министр көктемгі су тасқыны кезінде қанша үй-жайлардың зардап шеккенін және олардың қаншасына баспанамен көмек көрсетілгені жөнінде премьер-министр Олжас Бектеновке мәлімет берді.
Айтуынша, наурыздан бері табиғи апат салдарынан 18 005 тұрғын үй объектісі зардап шеккен. Оның шамамен 96 пайызына, яғни 17 295 нысанға техникалық тексеріс жүргізілген. Ал тексерілген объектілер бойынша 2 245 тұрғын үй салынуы тиіс. Сонымен бірге жылжымайтын мүлік нарығында 5 235 тұрғын үй сатып алу және 9 819 объектілерін жөндеу жоспарланып отыр. Бүгінг...