Қазақстандық автоөндірушілерге талапты күшейту керек. Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан KURSIV/AUTO 2024 форумында «Астана Моторс» компаниясының бас директоры Бекнұр Несіпбаев мәлім етті.
«Қазақстан экономикасын әртараптандыру шараларын күшейту қажет. Оның бірі осы автоөнеркәсіп саласын дамыту», – деді спикер.
Елімізде көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы қағидалар бекітілді. Осы қағидалар аясында жеңіл автокөліктерді өндірушілерге арнайы талаптар белгіленді.
«Яғни жеңіл автокөліктерді өндірушілерге екі немесе одан да көп марка көлік құралын шығарған кезде көліктің әрбір маркасы үшін кемінде бір үлгідегі дәнекерлеу және бояу бойынша техникалық операцияларды жүргізу талап етіледі. Біз осы талапты сақтап отырмыз. Бұл...