Мамыр айының соңындағы дерек бойынша, қант бағасы,(+0,1%) айлық мәнде өзгеріссіз қалды, ал жылдық көрсеткішке сүйенсек өнім 4,6%-ға арзандаған. Бұл туралы Бірінші кредиттік бюро хабарлады.
«Наурыз және сәуір айларында бағалар ай сайын өсті. Бірақ жыл басынан бергі кезеңдегі орташа көрсеткіш 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,8%-ға төмен», – деп хабарлады Бюро.
Оның үстіне жыл басында Қазақстан бойынша қант саудасының көлемі төмендеген. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 2 есе құлдыраған. Ал шетелге экспорт 3 айда 33 мың тоннаны құрады. Тұтастай алғанда мұндай экспорт соңғы жылдары тіркелмеген.
Наурыз айында елімізде 276 тонна тазартылған қант пен химиялық таза сахароза...