Қашаған кен орнын игеруші NCOC биыл Атырау қаласында жаңа ғимарат салуды көздейді. Мұнай компаниясы қазір бас кеңсе орналасқан ғимаратты Құлыбаевтар отбасынан жалға алып отыр.
North Caspian Operating Company (NCOC) Атырауда жаңа кеңсе салу үшін 167 млрд теңге жұмсайды. Мәліметті мұнай саласының сарапшысы Нұрлан Жұмағұловқа тиесілі Energy Monitor телеграм-арнасы жариялады. Мұндай шығын компанияның 2026 жылғы сатып алу жоспарында көрсетілген.
Қазір Қашаған операторы кеңсені Тимур Құлыбаев пен Серік Қырымовқа тиесілі «Жайық Инвест Девелопмент» компаниясынан жалға алып отыр. NCOC ол үшін жылда 2,8 млрд теңге төлейді.
Мәліметтерге қарағанда, мұнай компаниясы осыдан 5-6 жыл бұрын Атырауда жаңа кеңсе салуға талпынған...