Қазақстанның шикізаттық емес өнім экспорттаудағы көрсеткіштері 5,7%-ға төмендеген. Бұл жайлы Сенат отырысында Мәулен Әшімбаев айтты.
Сенатта «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асырған кезде қаржылай жәрдем көрсету бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы талқыланды.
Қаралып отырған заң негізінде жаңа өндірістер құру, өндірістік қуаттарды ұлғайту, өндірісті жаңғырту көделген. Сонымен бірге өзара сауда мен инвестициялар көлемін ұлғайту, жаңа жұмыс орындарын құру және үшінші елдерге өнім экспортын ұлғайту жоспарланып отыр.
Сонымен қатар Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өнеркәсіптің әлеуетті бағыттарына талдау жүргізіп, оны...