Қазақстан бюджетіне майнинг саласынан 9 млрд теңгеге жуық кіріс түскен. Бұл туралы ЦДИАӨМ Электрондық өнеркәсіп және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаментінің директоры Ғиззат Байтұрсынов айтты.
Майнингтен түсетін салыққа электр энергиясы, қосылған құн салығы (ҚҚС) және деректер орталықтары мен майнерлерден түсетін корпоративтік табыс салығы кіреді.
Ғиззат Байтұрсыновтың айтуынша, цифрлық активтерге қатысты қабылданған стандарттар арқасында тізілімге майнингке арналған 350 мыңнан астам құрылғы қосылып, 54 лицензия беріліп, 5 майнинг-кешені аккредиттелген. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО), криптобиржалар мен банктер арасындағы жоба аясында жалпы тауар айналымы 230 млн доллардан асқан. Клиенттер саны 52 мың адамды құрайды. 2023 жылы оған 6 криптобиржа және...