Australian Open турнирінің әйелдер арасындағы жекелей сындағы финалистері белгілі болды. Жартылай финал кезеңінде Елена Рыбакина мен Арина Соболенко сенімді ойын көрсетіп, шешуші матчқа шықты.
Рыбакина Пегуланы сенімді түрде жеңді
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина жартылай финалда әлемнің 6-ракеткасы америкалық Джессика Пегуламен кездесті. Матч екі сетке ғана созылып, Рыбакина қарсыласын 6:3, 7:6 есебімен жеңді.
Кездесу барысында қазақстандық спортшы допты қабылдауда да, шабуылда да басымдық танытып, ойын тізгінін толық өз қолында ұстады. Осылайша, Елена Рыбакина Australian Open турнирінің финалына шықты.
Соболенко Свитолинаны тоқтатты
Екінші жартылай финалда Беларусь өкілі Арина Соболенко украиналық теннисші Элина Свитолинамен кортқа шықты. Бұл матчта да айқын басымды...