Air Astana акциялары сәуір айының соңынан 3 мамырға дейін 8,8%-ға қымбаттады. KASE саудасы кезінде бағалы қағаздың бағасы 29 сәуірдегі 904 теңгеден 3 мамырдағы жағдай бойынша 991,5 теңгеге дейін өсті. IPO-дан үш айға жуық уақыт өткен соң (9 ақпан) Air Astana акцияларды кері сатып алу (buyback) бағдарламасының басталғанын жариялады және 4,78 млн айналымдағы бағалы қағаздарды сатып алатынын хабарлады.
Листингтің басынан бастап кері сатып алу туралы жарияланғанға дейін компанияның акциялары құны 1190 теңгеден 904 теңгеге дейін төмендеді.
29 сәуірден бастап компания құнды қағаздары қымбаттай бастады. Ең жоғары өсім 30 сәуірде тіркелді – 904 теңгеден 955,51 теңгеге дейін. 3 мамырда кешкі жағдай бойынша...