Қоғамда жиі дау тудыратын пікірдің бірі: «арақ ішкен адам 40 күнге дейін ораза ұстай алмайды» деген түсінік. Бұл сөз, әсіресе, Рамазан айы қарсаңында көп талқыланады. Алайда ислам дінінде бұл мәселе қалай түсіндіріледі? Шын мәнінде, арақ ішкен адамға ораза ұстауға тыйым салынған ба?
«40 күн қабыл болмайды» деген сөз қайдан шыққан?
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) мәліметінше, арақ ішуге қатысты хадистер бар. Кейбір хадистерде:
«Кімде-кім арақ ішсе, қырық күн бойы оның намазы (ғибадаты) қабыл болмайды»
деген мағынадағы ескерту айтылады.
Алайда бұл жерде «қабыл болмайды» деген сөзді көп адам қате түсінеді. Ол – ғибадаттың міндеттен...