
Биыл жер қойнауын пайдаланушылармен жасалған 26 келісімшарт үзілуі мүмкін. Өйткені компаниялар келісім бойынша өзіне алған міндеттемелерін орындамаған. 2023 жылы осындай 22 келісімшарт бұзылған. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді. «Министрлік жер қойнауы учаскелеріне тексеру жүргізді. 2023 жылы міндеттемелерін орындамаған 22 келісімшарт бұзылды, өндіріп алу процесінде тағы 26 келісімшарт бар», – деді министр. Жер қойнауын пайдаланушыларға жалпы 12 млрд теңгеге 158 хабарлама жіберілген. Соның ішінде шамамен 4,4 млрд теңге өтелген. Қазіргі…