Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев үкімет мәжілісінің қалтарысында Беларусь Республикасына мұнай жеткізу мәселесіне қатысты пікір білдірді.
«Мұнай және мұнай өнімдері саласындағы әріптестік туралы келісімге қол қою мәселесі қарастырылуда. Қол қойылғаннан кейін беларусьтік тарап бізден мұнай сатып алу мүмкіндігіне қол жеткізеді. Біз министрлік ретінде ресурс иелерінің өтініштері бойынша кездесулер ұйымдастырамыз», – деді министр.
Оның айтуынша, «Белнефтехимнің» делегациясын осы аптада Нұр-Сұлтанда келіссөздер жүр гізу үшін күтіп отыр. Министр нақты датаны айтпады.
«Қазір келісімге қол қою мәселесі мемлекеттік органдармен келісілуде, өйткені әр министрлік бұл келісім бойынша өз ұстанымын көрсетуге тиіс», – деп қосты сөзін нақтылаған Ногаев.
Беларуське мұнай жеткізудің бағдары оның коммерциялық тартымдылығына байланысты...