Юрий Ильин ауылдарда салынып жатқан үйлердің зілзалаға төтеп бере алмайтынын айтты. Ал, Қазақстан аумағының 40 пайыздан астамы зілзала қаупі бар аймаққа жатады. Бұл туралы Мәжіліс отырысында төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді.
«Еліміздің оңтүстік өңірлері, әсіресе Алматы қаласы жоғары сейсмикалық аймаққа жатады. Сонымен қатар батыс және орталық өңірлерімізде қазба байлықтарды игеру жер астында бос кеңістіктердің пайда болуына себеп болып отыр. Яғни, ол аймақта техногендік жер сілкінісі орын алу қаупі жоғары. Қауіп-қатерді азайту мақсатында қандай жұмыстарды атқарып жатырсыздар?», деп сұрады депутат Арман Қалықов.
Министрдің айтуынша, Түркияда болған жер сілкінісі мемлекетке сейсмикалық қауіпсіздік мәселелерін қайта қарауға себеп...