Бүгінгі таңда Қазақгаз Газпроммен бірлесіп «Ресей Федерациясы – Қазақстан Республикасы – Қытай Халық Республикасы» халықаралық газ құбырын салу мәселелерін зерделеу үшін алдын ала ТЭН әзірлеу мәселесін пысықтауда. Үкімет отырысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов осылай деп мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазіргі таңда елдің солтүстік-шығыс өңірлерін газдандыру мүмкіндіктері қаралып жатыр.
«Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының қуатын ұлғайтқаннан кейін «Сарыарқа» магистраль газ құбырының 2 және 3 кезеңдерін салу арқылы Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын газдандыруды жүзеге асыру ұсынылады. Оның құны 188,5 млрд теңге болады», – деді Ақшолақов.
Шығыс өңірлерді газдандыру үшін министрлік...