2022 жылы «Қуатты өңірлер – елді дамытудың драйвері» ұлттық жобасын (бұдан әрі – Ұлттық жоба) іске асыру шеңберінде Қазақстанның еңбек тапшылығы бар өңірлерінен 7 923 адам өз еркімен қоныс аударды, оның ішінде 1 320 қандас және 6 603 қоныс аударушы бар. Барлық қоныс аударушыларға мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді- деп, хабарлайды Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Ұлттық жоба шеңберінде қоныс аударушыларға мемлекеттік қолдаудың мынадай шаралары ұсынылады:
1) көшуге арналған субсидия – бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде;
2) отбасы мүшелерінің санына және елді мекенге байланысты 12 ай ішінде 15-тен 30 АЕК-ке дейінгі мөлшерде тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ай...