Қазақстан Республикасы бойынша атаулы жалақының орташа мәні 2022 жылғы IV тоқсанда 338 715 теңгені құрады. 2021 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім 22,9%-ды, нақты мәнде 2,8%-ды құрады. Жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 2022 жылғы ІV тоқсанда бағалау бойынша 204 168 теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
«IV тоқсандағы орташа жалақының өсуі жыл соңында берілетін сыйлықақылар мен мерекелік төлемдер есебінен жалақы қорының ұлғаюымен байланысты. Орташа жалақыны есептеу кезінде жалақы қоры жұмысшылар санына бөлінеді. Деректерді біз қызметкерлер саны және жалақы қоры бойынша бюроға есеп берген кәсіпорындар мен ұйымдардан келген мәліметтер негізінде аламыз. Деректер кәсіпкерлік...