Енді зейнетақы төлемдерін тағайындау және деректемелерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы өтініш берген кезде өтінішке QR-кодтың көмегімен қол қоюға болады. Бұл туралы БЖЗҚ АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, мерзімсіз уақытқа белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектікке байланысты БЖЗҚ-ға төлемдерді, сондай-ақ, ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлемдер алуға өтініш беріледі. Бұрын мұны БЖЗҚ кеңселерінде немесе enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетте электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жасауға болатын. Енді ЭЦҚ-ны QR-кодпен қол қоюға ауыстыра аласыз. Сондай-ақ, QR-код enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетте өз деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде көмектеседі.
Ол үшін enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетке кіру керек. Мұнда көрсетілген...