Наурыз айынан бастап жолаушылар пойыздарына тексеру жұмыстарын жүргізу жылжымалы құрам жасақталатын пункттерде жүзеге асырылады. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
Кейінгі 3 жылда жолаушылар тасымалына арналған Patentes Talgo S.L. компаниясының өнімі саналатын жүрдек пойыздарда техникалық вагондардың өртенуіне қатысты 3 жағдай тіркелген.
Бұл келеңсіз оқиғалардың орын алуына жылжымалы құрам иелерінің өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтамауы себеп болған.
Мәселен, былтыр ҚР ИИДМ Көлік комитетінің аумақтық бөлімшелері өрт қауіпсіздігінің талаптарына байланысты 100-ден артық бұзушылықты анықтап, нәтижесінде 2 млн теңгеден аса қаражатқа әкімшілік айыппұл салынып өндірілген.
Көліктік бақылау органдары «Аршалы – Анар» учаскесінде Петропавл – Алматы бағытындағы жолаушылар пойызының техникалық вагонындағы өртт...