Жылусыз қалған Екібастұз тұрғындарының жылу төлемі қайта қаралады. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.
Барлық жөндеу жұмыстары «Орталық – Азия Электроэнергетикалық корпорациясы» Акционерлік қоғамының есебінен атқарылып жатыр. Бүгінгі күні 800 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұл туралы корпорацияның Басқарма Төрағасы Орал Бағдат арнайы брифингте атап өтті. Ол сонымен қатар жылу желілерінің жағдайына тоқталды. Айтуынша құбырлардың 91% әбден тозған. Жөндеу жұмыстарының өз деңгейінде жүргізілмеуі коммуналдық апатқа әкеп соқты. Мәселен жылу құбырларының жалпы ұзындығы 422 шақырымды құрайды. Оның 80 шақырымы қараусыз қалған немесе басқа мекемелерге тиесілі көрінеді. Мәселе жалғыз тарифті көтерумен шешілмейді. Демек, басқа да механизмдер іздестірілуі тиіс.
«Мысалы біз айтамыз...