«Өркен» ашылғанға дейін кәсіпкерлер тапсырысты үйлерінде орындап, гараждар мен басқа ғимараттарды жалға алып келсе, енді олар өз кәсібін екі қабатты ғимараттағы цехтарда жалғастыру мүмкіндігіне ие болды.
Екібастұз қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Медет Шоқановтың айтуынша, кәсіпкерлердің ғимаратты жалға алуға қатысты қиындықтарға тап болуы жиі кездесетін. Сондықтан, шаһардағы наркологиялық диспансердің ескі ғимаратын жөндеп, оны бизнес өкілдеріне беру ұйғарылды.
Қазір мұнда 18 жергілікті тұрғын өз кәсібін алаңсыз жүргізіп отыр. Олар ағаштан бұйымдар, оның ішінде, жиһаз жасайды. Сонымен қатар, тұтынушыларға жеңіл өнеркәсіп, азық-түлік өнімдерін ұсынып, полиграфиялық қызмет көрсететіндері де бар. Бұған дейін, 12 адам үйлері мен жалдамалы ғимараттарда бизнесін жүргізсе, 6 тұрғын жұмыссыздар қатарында...