Қазақстанда ұрпақтар ауысымы жүріп жатыр. «Бэби бумерлер» ұрпағы жас мөлшерінің ұлғаюына қарай, біртіндеп нарықтан кете бастады. Олардың тарапынан қызмет көрсету және ойын-сауық саласына, тұрмыстық техникаға, үйге және балаларға арналған тауарларға, сондай-ақ тұтынушылық несиелерге деген сұраныс бәсеңдеуде. Есесіне олар тарапынан ақша жинақтау құралдарына деген сұраныс артады.
«Бэби бумерлердің» және олардың балаларының орнын өмірді смартфонсыз көз алдына елестете алмайтын жаңа «цифрлық ұрпақ» басады. Қазірдің өзінде тұтыну нарығында цифрлық технологияға қатысты кең көлемді құрылымдық өзгерістер орын алып жатқаны баршаға аян. Бірқатарын ғана атап айтар болсақ:
қолма-қол ақша аз қолданыла бастады. Оның орнын мобильді аударымдар, картамен және түйіспесіз төлемдер басты;үйден шықпай-ақ сауда-саттық жасай алатын...