Өткен тәулікте Қазақстанда 12 адам коронавирус жұқтырған.
Пневмонияның жаңа жағдайлары анықталған жоқ, Жаңа өлім-жітім тіркелген жоқ.
Жалпы, пандемия басталғалы елде 1 394 287 адам коронавируспен, 90 119 пневмониямен ауырды.
Өткен тәулікте Қазақстанда 12 адам коронавирус жұқтырған.
Пневмонияның жаңа жағдайлары анықталған жоқ, Жаңа өлім-жітім тіркелген жоқ.
Жалпы, пандемия басталғалы елде 1 394 287 адам коронавируспен, 90 119 пневмониямен ауырды.
Биылғы қаңтаршілде айларында республикада 7,9 мың жол-көлік оқиғасы тіркелді, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 9,5% артық. Бұл туралы finprom.kz мәлімдеді.
Көбіне жазатайым оқиғалар Алматыда болды: 2,2 мың ЖКО, былтырғыдан 8,1% көп. Одан кейін Алматы облысы (1,2 мың ЖКО, 5,9% азайған) және Жамбыл облысы (853 ЖКО, 48,1% көбейген).
Ең аз ЖКО Батыс Қазақстан облысында болды: 164 жағдай, 1,2% көбейген.
Биыл ЖКО санының артуы 12 облыста байқалса, бір өңірде — Шымкентте оның саны бұрынғы деңгейде қалды, қалғандарында төмендеу тіркелді.
2022 жылғы қаңтар–шілдеде ЖКО салдарынан 11,6 мың адам зардап шекті, бұл бір жыл бұрынғыдан 9,8% артық. Олардың ішінде жараланғандар саны 9% өсіп...
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы мәлім етті.
Сонмен бірге ол бірқатар жұқпалы және паразиттік аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады. Эпидемиологиялық жағдай мегаполисте тұрақты.
Басқарма басшысының айтуынша, Алматыда 50-ден астам қауіпті аурулар тіркелмеген, оның ішінде тырысқақ, оба, сібір жарасы, геморрагиялық қызба, дифтерия, қызылша, қызамық, сіреспе және т.б.). Бұл жағдай эпидемиологтардың бақылауында, бір қуантатыны, бұл инфекциялар мегаполисте таралмаған.
Нозологиялық сырқаттанудың 5 түрі, соның ішінде этиологиясы анықталған жіті ішек инфекциясы, ротавирусты инфекция, анықталған короновирустық инфекция, анықталмаған короновирустық инфекция, ЖРВИ бойынша сырқаттану деңгейінің төмендеуі байқалады.
Спикердің айтуынша, қалада менингококкты инфекция, токсокарозлямблиоз, сырттан...
Numbeo мәліметтері бойынша, абиылғы 6 қазандағы жағдай бойынша, 1 километрге такси бағасы ең арзан Пәкістанда (0,18 АҚШ доллары), ал ең қымбат Швейцарияда (3,93 АҚШ доллары) болды.
Қазақстанда 1 километрге такси қызметінің бағасы 0,32 АҚШ долларын құрады. Қазақстан такси қызметінің арзандығы бойынша 105 елдің ішінде 12-орында. ТМД елдерінің ішінде такси қызметі Әзірбайжан мен Ресейде Қазақстаннан қарағанда қымбат болса, Беларусь, Өзбекстан, Молдова, Украина және Арменияда арзанырақ.
Биылғы қаңтар–тамыз айларында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың кірісі бір жыл бұрынғы 2,8 млрд теңгемен салыстырғанда 3 млрд теңгені құрады (ақшалай түрде 6,4% көбейді).
Саладағы ең жоғары көрсеткіштер Қарағанды облысында тіркелді: 1,3 млрд теңге...
Биылғы қаңтар–тамыз айларында қоңыр көмір мен көмір концентратын қосқанда көмір өндіру көлемі 76,5 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5% артық. Оның 70,6 млн тоннасы тас көмір, 3,1 млн тоннасы қоңыр көмір, 2,7 млн тоннасы көмір концентраты.
2022 жылғы қаңтар–шілдеде отандық компаниялар тас көмірге, қоңыр көмір мен көмір концентратына сұранысты (ішкі нарықтағы сатуды және экспортты) бір жыл бұрынғы 99,4%-бен салыстырғанда 99,6% қамтамасыз етті. Осы кезеңде өндіріс 5,8% өсіп, 66,4 млн тоннаны құрады, ал импорт керісінше, 18,3% азайып, 285,8 мың тоннаға дейін қысқарды.
Экспорт 16,3% өсіп, 20,9 млн тоннаны құрады, ал ішкі нарықта сату 2022 жылғы қаңтар–шілдеде...
Қыркүйек айында «Kaspersky»-дің сарапшылары бүкіл әлем бойынша пайдаланушылардың Microsoft * өнімдерінің тақырыбын пайдаланатын фишингтік ресурстарға өтуінің 600 мыңға жуық әрекетті тіркеді. Кейбір сайттарда пайдаланушыларға Windows 10 немесе Windows 11 операциялық жүйесін жүктеу ұсынылды. Басқаларында зиянкестер Microsoft қызметтерінде, соның ішінде Outlook бағдарламасында тіркелгіге кіру деректерін — электрондық пошта мекенжайы мен құпия сөзді біліп алуға тырысты. Егер адам бұл деректерді жалған ресурсқа енгізсе, олар зиянкестердің қолдарына түседі.
Зиянкестер сонымен қатар вишинг – дауыстық фишингті пайдаланады, яғни адамды көрсетілген нөмірге қоңырау шалуға итермелейді. Егер жәбірленуші қақпанға түсіп, қайта қоңырау шалса, олар оны қолға түсіруге тырысады. Әдетте, алаяқтар құпия деректерді біліп алуға немесе ақшаны...
ҚМА Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жалған 100 долларлық купюраларды сатумен айналысқан бір топ тұлғаларды анықтады.
Облыс аумағында жалған валютаны кезекті рет сатуға әрекеттенген қылмыскерлер Рудный қаласында ұсталды.
Ұстау кезінде оларда жалған шетел валютасы бар екені анықталды.
Қылмысқа қатысушылардың бірінің тұрғылықты жерін тінту барысында ірі көлемдегі жалған ақша табылды.
Тәркіленген жалған қаражаттың жалпы сомасы 28 100 АҚШ долларынан асты.
Заң бұзушылар ұсталды, тергеу мүддесіне қатысты басқа ақпарат жарияланбайды.
Қазақстанда соңғы тәулікте 50 адам коронавирус жұқтырды. Бес адамнан пневмония анықталды.
Елімізде індет басталғалы 1 394 186 адам коронавирус инфекциясын, 90 114 адам коронавирустық пневмонияны жұқтырған.
Өткен тәулікте жаңа өлім тіркелген жоқ.
14 қазандағы жағдай бойынша 1008 адам (866+ және 142 CVI-) СВИ бойынша ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 110 науқас стационарда, 898 науқас амбулаторлық емделуде. 2 науқастың жағдайы ауыр, 4 науқастың жағдайы өте ауыр, 2 науқас жасанды тыныс алу аппаратында.
Қырғызстанда дүйсенбіден бастап көмірді республикадан тыс жерлерге шығаруға тыйым салу туралы бұйрық шығады. Бұл туралы Қырғызстанның Энергетика министрі Таалайбек Ибраев мәлімдеді.
Оның айтуынша, қаңтар-қыркүйек айларында 478 млн 408 мың сомға 178 мың 264 тонна көмір экспортталған. Тапшылық пен бағаның өсуіне жол бермеу үшін экспортқа тыйым салу туралы шешім қабылданды.
«Біз бағаның өсуін үнемі қадағалап отырамыз. Кім 4000 сомнан жоғары сатса, оны тәркілеп, көлікке тиеуге тыйым саламыз. Алыпсатарлықпен тек саудагерлер ғана айналысады. Бағасы 4 мың болса да, пайда көреді. Біз онымен жұмыс істеп жатырмыз. Жалғыз мәселе – баға, оны ұстап тұру керек», – деп түйіндеді министр.
АҚШ-та жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуға алғаш рет өтініш білдірген американдықтардың саны 9000-ға артып, 228000-ға жетті. Бұл туралы АҚШ Еңбек министрлігі хабарлады.
Бұл соңғы бір жарым айдағы ең жоғары көрсеткіш.
Trading Economics сауалнамасына сәйкес сарапшылар орташа есеппен бұл көрсеткіш 225 000-ға дейін өседі деп күтті.
Соңғы төрт аптадағы өтініштердің орташа саны 5 мыңға өсіп, 211,5 мыңға жетті.
1 қазанда жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуды жалғастырған американдықтардың саны өсуде.
Үндістан билігі Гамбиядағы 69 баланың өліміне қатысты тергеу жүргізіліп жатқан фармацевтикалық фабрикадағы өндірісті тоқтатты. Бұл туралы ru.euronews.com сайты хабарлады.
ДДҰ бұған дейін олардың бүйрек жеткіліксіздігінен қайтыс болуын Maiden Pharma шығарған жөтел сироптарымен байланыстырды. Оған улы заттардың, диэтиленгликоль мен этиленгликольдің жоғарылауы себеп болды.
Үндістан Африкаға жалпы дәрілердің 45% жеткізеді.
2022 жылғы қаңтар-тамыздағы демографиялық ахуал туралы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша еліміздегі халық саны 19 666,8 мың адамды құрады оның ішінде: қалалықтар – 12 131,1 мың (61, 7%) ауылдықтар – 7 535,7 мың (38,3%). Бұл туралы ҚР Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
2022 жыл басымен салыстырғанда халық саны 163,7 мың адамға немесе 0,8%-ға өсті.
Халықтың табиғи қозғалысы
Республика халқының табиғи өсімі 2022 жылғы қаңтар-тамызда 2021 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда (178,9 мың адам) 3,6%-ға төмендеп, 172,4 мың адамды құрады. 1000 тұрғынға шаққандағы табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 13,19 адамды құрады.
АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілерінінің жазбаларындағы мәліметтерге сәйкес, 2022 жылғы қаңтар-тамыз аралығында...
Түркия басшысы Ердоған Украинадағы соғысты тезарада тоқтатуға шақырды. Ол әділеттілікті тек дипломатия арқылы шешуге болатынын еске салды.
«Біз Украинадағы дағдарыстың салдарын аймақтық және жаһандық деңгейде көріп отырмыз. Мен әрқашан әділетті әлемге дипломатия арқылы қол жеткізуге болады деп айтамын. Соғыста жеңімпаздар жоқ және әділетті әлемде жеңілгендер болмайды. Екінші жағынан, біздің БҰҰ-мен соғыстың жағымсыз салдарын жою жөніндегі қарқынды күш-жігеріміз бүкіл әлемде мойындалды», – деді Ердоған.
2022 жылғы қаңтар-тамыздағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 17 280,7 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 4,5% көбейді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
2022 жылғы қаңтар-тамыздағы тауарлар экспорты 5 496,5 млн. АҚШ доллары (8% көп), импорт – 11 784,2 млн АҚШ доллары (2,9% көп)деңгейінде қалыптасты.
Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 92,5%, бұдан әрі Қырғызстан Республикасына – 4%, Беларусь Республикасына – 3,4%, Армения Республикасына – 0,1% келеді.
ЕАЭО елдерімен экспорт бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда химиялық элементтер бойынша 2 есе өсім байқалады. Бұл ретте күйдірілген пиритт...
Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин бірқатар халықаралық іс-шараға қатысу үшін Астана қаласына келді. Бұл туралы ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы хабарлады.
Қонақты елорда әуежайында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қарсы алды.
Владимир Путин Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысады.
11 мемлекет басшысы бас қосатын саммит АӨСШК құру туралы бастаманың 30 жылдығына орайластырылып отыр.
Сонымен қатар РФ Президенті ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысады деп күтілуде.
Былтыр шілде айында skills.enbek.kz онлайн кәсіптік оқыту платформасы (бұдан әрі – Платформа) іске қосылған сәттен бастап 126,3 мың азамат, оның ішінде 22,6 мың жұмыссыз адам курстан өткені туралы сертификат алды. Платформада жалпы 160,2 мың қазақстандық тіркелді, оның 146,7 мыңы 2022 жылы тіркелген. Бұл туралы ҚР Еңбекмин баспасөз қызметі хабарлады.
Оқудан өткен 22,6 мың жұмыссыздың 6,9 мыңы – негізінен Алматы, Қызылорда, Қарағанды, Түркістан облыстары мен Алматы қаласы жастары.
Платформа іске қосылған сәттен бастап авторлар онда әртүрлі бағыт бойынша 151 курс жариялады, оның 97-і тегін. Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін.
Ең танымал курстар – «Сүтті ірі қара өсіру», «Управление персоналом», «Выращивание клубники от А до Я», «Кассир» және «Ұннан жасалған кондитер өнімдері, жіктелуі және дайындалу технологиясы».
Бұдан бұрын...
Қазақстан мен Вьетнам арасында тікелей рейстің ашылуының тұсаукесері өтті. Салтанатты шараға Вьетнам Социалистік Республикасының Вице-президенті Во Тхи Ан Суан ханым қатысты.
VietJet Air вьетнамдық авиакомпания 2022 жылдың 25 қазанынан бастап Алматы – Нха Транг бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастайды. Ұшулар аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі, сенбі) А-330 типті әуе кемелерімен жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, Vietjet Air 2022 жылдың 25 желтоқсанынан бастап Астана – Нха Транг бағыты бойынша ұшуларды бастауды жоспарлап отыр. Рейстер А-330 типті әуе кемелерімен аптасына 2 рейс жиілігімен (дүйсенбі, бейсенбі) орындалатын болады.
Сонымен қатар, Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевтің вьетнамдық Vietjet Air...
Денсаулық сақтау министрлігі балалардың тууын тіркеу кезінде туу туралы медициналық куәліктерді әділет органдарына беруді қамтамасыз етеді. Енді бұл құжатты Kaspi.kz платформасын пайдаланушыларға баланың туу туралы куәлігін беру қызметі арқылы онлайн алуға болады.
Kaspi.kz.әзірлеушілері түсіндіргендей туу туралы куәлікке өтінішті тікелей қосымшада беруге болады. Өтінімде баланың аты – жөні мен ата-анасының деректерін енгізу керек, содан кейін – куәлікті алғыңыз келетін ХҚКО таңдау керек.
Өтінімді берген кезде ата-аналар Kaspi.kz қосымшасында бейнетексеруден өтуі – смартфон камерасына бетіңізді көрсету қажет. Бұл сіздің құжаттарыңызға бөгде адамдардың кіруіне жол бермеу үшін жасалған.
Бұл сервис Денсаулық сақтау...
Финляндиядағы дәріханаларда йод препараттары таусылды. Бұл Әлеуметтік істер және денсаулық сақтау министрлігінің радиациялық қауіп жағдайында осы дәрі-дәрмекті қолдану туралы жаңа ұсыныстары жарияланғаннан кейін туындады.
Препарат 40 жасқа толмаған адамдарға арналған ұсынылды. Өйткені оларда радиацияның әсерінен қалқанша безінің қатерлі ісігінің даму қаупі бар деп ескертті.
Ұлттық фармацевтер қауымдастығы йод таяу уақытта бүкіл ел бойынша нарыққа қайта оралатынын айтады.
Чехия билігі 25 қазаннан бастап Еуроодақтың кез келген елінен туристік мақсатпен келетін Шенген визасы бар ресейліктердің спорттық немесе мәдени іс-шараларға кіруіне тыйым салады.Бұл туралы Чехияның сыртқы істер министрі Ян Липавский мәлімдеді.
Чехия Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, халықаралық әуежайлар арқылы Чехияға күн сайын 200-ге жуық ресейлік азамат келеді.
Балтық елдері мен Польша 19 қыркүйекте Ресей Федерациясынан келетін туристердің кіруіне тосқауыл қойды. Бұл елдердің билігі барлық ресейлік туристер қауіпсіздікке қауіп төндіреді деп санайды. Финляндия 30 қыркүйекте ресейлік туристер үшін шекараны жапты.
Германиядағы инфляцияның өсуі аясында тұрғындар заттарың ломбардтарға жиі өткізуге мәжбүр болып отыр. Бұл туралы ru.euronews агенттігі хабарлады.
Бүгінде Германияда клиенттер дүкендерге кепілге құнды заттарын қалдырып, шағын несие ала алады. Елде ондай 250-ге жуық дүкен бар.
«Бұл өте қиын. Қазірдің өзінде қаражат ештеңе жетпейді. Азық-түлік сатып алу қиындап барады. Балаларыма азық-түлік алу үшін сүйікті шаңсорғышымды ломбардқа өткізуге тура келді», – дейді тұрғын.
«Банк сияқты, ломбард елдегі экономикалық жағдайдың көрсеткіші», – дейді Ломбард иесі Николаус Боде.
Ересек халықтың темекі тұтынуы бойынша үй шаруашылықтарын іріктеп зерттеу нәтижелері бойынша респонденттердің 20,4% темекі тартады (темекі тартпайтындар – 79,6%), барлық ер адамның 38,4%, (темекі тартпайтындар – 61,6%), ал әйелдердің 8,4% темекі өнімдерін тұтынады (темекі тартпайтындар – 91,6%). Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.
Темекіні тарту жиілігі бойынша халықтың бөлінісі келесідей: респонденттердің 16,6% темекіні күн сайын тартады, анда-санда тартатындар – 3,8%. Үйлерінде темекі түтінінің әсеріне ұшырайтын респонденттердің үлесі – 12,8%, жұмыста – 8,1%, қоғамдық тамақтану орындарында – 10,5%, олардың басым көпшілігі (93% астамы) темекі тартпайтын адамдар.
Өңірлер арасында темекі өнімдерін тұтынатындардың ең көп үлесі Қарағанды (25,4%), Павлодар және Жамбыл облыстарында...
Министрлік қызметінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жұмысы басты міндет. Өрт сөндірушілер, құтқарушылар, кинологтар, дәрігерлер, психологтар, диспетчерлер мен ұшқыштар төтенше жағдайларды жояды, өртті сөндіреді, адамдар мен мүлікті құтқарады.
Жыл басынан бастап төтенше жағдайларды жою үшін ТЖМ өрт сөндіру қызметі, жедел-құтқару және басқа да бөлімшелері 61 983 шығу жүзеге асырып, 9 863 адамды құтқарды ТЖ аймағынан 10 627 адам эвакуацияланып, 3 690 зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. 9 727 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен оқиғалар тіркелді, онда 1 481 адам зардап шекті.
ТЖМ кезекші-диспетчерлік бөлімшелері SMS-хабарламалардың бекітілген тізбесіне сәйкес ұялы байланыс телефондарына SMS-хабарламаларды жіберу арқылы табиғи...
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев 10 қазанда бейнеконференцбайланыс арқылы PetroChina президенті – CNPC вице-президенті Хуан Юнчжанмен кездесу өткізді. Бұл туралы ҚМГ баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесуде тараптар Қытайға жеткізілетін Қазақстан мұнайының көлемін ұлғайтуды талқылады. Бұл ретте Атыраудан Қытайға мұнай тасымалдау инфрақұрылымының өткізу көлемін арттыру мүмкіндігі қарастырылуда.
ҚМГ басшысы мен PetroChina президенті екіжақты ынтымақтастық пен геологиялық барлау саласында бірлескен жобаларда серіктестік орнату мүмкіндіктеріне тоқталды.
Жиынға қатысушылар Шымкент мұнай өңдеу зауытының («ПҚОП» ЖШС) өндірістік қуатын күшейту мәселесін де қарастырды. Жобаның алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді биыл желтоқсанда аяқтау жоспарланған. Қазақстанда мұнай өнімдеріне деген ішкі сұраныстың ұлғаюына байланысты жобаның өзектілігі артты.