Numbeo мәліметтері бойынша, абиылғы 6 қазандағы жағдай бойынша, 1 километрге такси бағасы ең арзан Пәкістанда (0,18 АҚШ доллары), ал ең қымбат Швейцарияда (3,93 АҚШ доллары) болды.
Қазақстанда 1 километрге такси қызметінің бағасы 0,32 АҚШ долларын құрады. Қазақстан такси қызметінің арзандығы бойынша 105 елдің ішінде 12-орында. ТМД елдерінің ішінде такси қызметі Әзірбайжан мен Ресейде Қазақстаннан қарағанда қымбат болса, Беларусь, Өзбекстан, Молдова, Украина және Арменияда арзанырақ.
Биылғы қаңтар–тамыз айларында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың кірісі бір жыл бұрынғы 2,8 млрд теңгемен салыстырғанда 3 млрд теңгені құрады (ақшалай түрде 6,4% көбейді).
Саладағы ең жоғары көрсеткіштер Қарағанды облысында тіркелді: 1,3 млрд теңге...