Бір жыл бұрын – 2021 жылдың қазан айында ҚТЖ пилоттық режимде әйелдер вагондары бар алғашқы жолаушылар пойыздарын іске қосты. Осы уақыт ішінде қызметті 98 мыңнан астам жолаушы пайдаланды. Әйелдерден басқа, мұндай вагондарда жеті жасқа дейінгі ұлдар да жүре алады. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Қазір жобаға келесі жолаушылар пойыздарында бір купе вагоны тартылған:
1) № 77/78 «Алматы – Маңғыстау» (№7 вагон);
2) № 351/352 «Алматы – Өскемен» (№10 вагон);
3) № 45/46 «Павлодар-Шымкент» (№9 вагон);
4) № 37/38″ Маңғыстау – Семей » (№9 вагон);
5) № 47/48 «Атырау – Астана» (№7 вагон);
...