Kursiv.kz-ке белгілі болғандай, «БИПЭК-АВТО–АЗИЯ-АВТО» компаниялары тобы Шығыс Қазақстандағы аса ірі медиахолдинг – «Регион» Баспа үйі» ЖШС-дегі өз үлесін сатуға ниетті екен. Дереккөздер сатыпалушылар арасында облыс әкімдігі болуы мүмкін дегенді айтуда. Бірақ жергілікті шенділер бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр.
Kursiv.kz жолдаған сауалға «БИПЭК-АВТО–АЗИЯ-АВТО» компаниясының өкілдері активті сату бойынша келіссөздер жүріп жатқанын мәлімдеді, бірақ мәмілеге қатысушылардың барлығының келісімі қажет екенін сылтауратып, толық ақпарат беруден бас тартты.
«»БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» компаниялары тобының атына «Регион» Баспа үйі» ЖШС бойынша мәміле жасау туралы ұсыныс келіп түсті. Ұсыныстың өлшемдерін қарастыру барысында «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» топ-менеджменті мұндай мәміленің орын алу мүмкіндігіне о...