«Digital bridge форумы өзінің ауқымы мен мазмұнды бағдарламасымен ерекшеленеді. Форум өз алаңында инновациялық стартаптардың рекордтық санын жинайды, олар үшін арнайы ұйымдастырылған Аллеяда өздерін таныстып, жетістіктері мен мүмкіндіктерін ұсынып, жобаларына деген қызығушылықты арттыра алады. Форумға Орталық Азияның және өзге де елдердің ірі венчурлық қорлары, стартаптар, бірегей компаниялар, БАҚ, мемлекет, ІТ-комьюнити өкілдері қатысады. Стартаптар үшін бұл жобаларын ауқымды түрде танытуға және, ең бастысы, өзара тиімді ынтымақтастық орнату мен инвестициялар тартудың таптырмас жолы», – деп атап өтті Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің бас директоры Мағжан Мәдиев.
Аллеяда өз жобаларын edutech, healthetech, fintech, IoT, AR/VR, big data, e-commerce, AI, agritech, cybersecurity және gamedev салаларындағы...