Шетел нарығына шығарылатын көмірдің заттай – 86 пайызы, бағалық мәндегі 50 пайызы Ресейге сатылады, деп хабарлайды Еnergyprom.kz.
2019 жылдың 12 айында елімізде жалпы құны 360,1 млрд теңге болатын көмір мен лигнит өндірілген. Өнеркәсіптік өндіріс көлемі инфляция деңгейін ескере отырып, 2,2 пайызға қысқарыпты. Салыстыру үшін айтсақ, 2018 жылы бұл көрсеткіш 319,8 млрд теңгені құраған. 2018 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығындағы нақты өсім оның алдыңғы жылмен салыстырғанда, 2,5 пайызға жоғары.
Көмір Қазақстанның үш аймағында өндіріледі: Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облысы. Қарағанды облысында былтыр 192 млрд теңгенің көмірі өндірілсе, Павлодар облысында бұл көрсеткіш 136,2 млрд теңгені құрады. Ал ШҚО-да 2019 жылы қазылған көмірдің жалпы...