Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері Парламентте үш мыңға тарта заң қаралған. Азаматтық құқық саласына маманданған заңгер, жеке құқық профессоры Марат Ахмади оның ішінде тек екі заң ғана қазақ тілінде жазылғанын, қалғаны әуелі орыс тілінде жазылып, мемлекеттік тілге аударылғанын айтады.
KursivMedia тілшісімен сұхбаттасқан маман бұл мәселенің қайдан шыққанын және қалай шешуге болатынын айтты.
«Елімізде заң әуелі орыс тілінде жазылып, содан кейін мемлекеттік тілге аударылады. Осы тұста оны кім аударады деген сұрақ туындайды. Қазір заңнаманы лингвистер аударып жүр. Соның салдарынан бір термин екі заңда екітүрлі жазылады. Қазір заңды аударсақ та, құқықты талдасақ та қолымызда құжаттың орыс тіліндегі нұсқасы...