Келлог Зеленскийді «батыр көшбасшы» деп атады. АҚШ-тың Ресей және Украина жөніндегі арнайы өкілі Кит Келлог Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуі жайында алғаш рет осындай пікір білдірді.
Келлог пікірі
«Украинаның жоғарғы басшыларымен ұзақ күнді өткіздік. Соғысып жатқан ұлттың батыр көшбасшысымен және ұлттық қауіпсіздік жөніндегі оның дарынды командасымен ауқымды әрі позитивті талқы жүрді», – деп жазды Келлог.
DW ақпаратына қарағанда, Зеленский 20 ақпанда Келлогпен кездескен болатын. Келлог Зеленскийді осы кездесуден кейін мақтаған.
Кездесуден соң тараптар БАҚ өкілдерімен тілдесіп, сұрақтарына жауап беруден бас тартқан еді. Украина президентінің баспасөз хатшысы Сергей Никифров сұрақ-жауаптың қарастырылмағанын атап...