Фото: kursiv.media
Қасым-Жомарт Тоқаев Елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте тағы да LRT мәселесін көтерді.
«Ірі қалада халықтың тұрмыс сапасына қоғамдық көлік пен жол кептелісі тікелей әсер етеді. Сондықтан, көлік инфрақұрылымын дамытудың айрықша мәні бар. Жуырда Алматыға сапарым барысында қоғамдық көлікті және электронды билет сату жүйесін басқару орталығының жұмысымен таныстым. Бұл саладағы цифрландыру ісі өзінің тиімділігі жоғары екенін көрсетіп отыр. Сондықтан елорда әкіміне Алматының оң тәжірибесін ескере отырып, қоғамдық көлікті диспетчерлік басқару жүйесін қолданысқа енгізуді және дамытуды тапсырамын», деді президент.
Содан кейін LRT құрылысын тездетіп аяқтауды тапсырғанымен нәтиже шықпағанын айтты.
«Мен қаңтарда LRT-ға қатысты...