LVMH конгломераты Off-White-ті портфолиосына Tahari, Bebe және Scotch & Soda кіретін америкалық Bluestar Alliance LLC холдингіне сатты. Компаниялар мәміленің егжей-тегжейін жарияламады, деп жазды Profashion басылымы.
Компания проблемалық брендтерді сатып алып, содан кейін олардың атауларын лицензиялаумен танымал.
«Вирджил әлемдік сән индустриясы мен шығармашылық қауымдастыққа терең әсер еткен талантты тұлға болды. Off-White сатып алу біз үшін Вирджил Аблохтың мұрасын дамытуға зор мүмкіндік береді. Оның сәнге деген озық көзқарасы біздің негізгі құндылықтарымызға сай келеді», – деп түсіндірді Bluestar Alliance бас директоры Джои Габбай.
LVMH осыған ұқсас пікір білдіріп, Off-White мұрасын мақтан тұтатынын және Bluestar Alliance оны ілгерілету...