Атырау облысындағы тасжолдар қалыпқа келтіріле бастады. Бұл туралы Ұлттық компания мәлімет таратқан. Компания қызметкерлері жергілікті орган өкілдерімен бірігіп Махамбет пен Сарытоғай арасындағы жолды қалыпқа келтіру бойынша жедел жөндеу жұмыстарын аяқтаған.
«2024 жылғы 21 мамырда сағат 01:00 шамасында жол ашылып, көліктердің жүруіне рұқсат етілді», – делінген хабарламада.
Бұған дейін Жайық өзені суының көтерілуі салдарынан Атырау облысында автожолдар қозғалысына шектеу қойылған. Төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық жедел штабы өр суының көп келуіне әрі су қарқынының жоғарылығына байланысты, Махамбет ауданына қарасты Жайық бойында орналасқан елдімекендерді тасқын қауіпінен сақтау мақсатында осындай шешім қабылдаған. Махамбет және Сарытоғай ауылы тұсына жиналған жайылымдағы өр суы жолды...