Каспий Құбыр Консорциумы (КҚК) 9 сәуірден бастап 3 тәулікке Теңіз терминалында мұнай тиеу тоқтатылғанын хабарлады. Осы уақытта Теңіз-Новороссийск магистральдық мұнай құбырының жабдықтары жаңаланбақ.
«Каспий Құбыр Консорциумы 2024 жылғы 9 сәуірден бастап жоспарлы тоқтау барысында Теңіз-Новороссийск магистралдық мұнай құбырының нысандарында жаңа жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және оларды қосу жұмыстарын орындауды бастады. Қазіргі уақытта КҚК Теңіз терминалында да мұнай жөнелту тоқтатылған. Жұмыстар 11 сәуірден бастап қайта жанданады деп жоспарланған», – делінген хабарламада.
Қандай жөндеу жұмысы жүргізіледі
Корцорциум мұнай жөнелту жылына екі рет 72 сағатқа тоқтайтынын атап өтті. Оның кестесі бүкіл жүк жөнелтушілер, сондай-а...