Жыл басталғаннан тамызға дейінгі аралықта Қазақстан экономикасы 3,1 пайызға өсім көрсетіпті. Жақсы да, жаман да көрсеткіш емес. Бұрынғы жетістіктеріміз де осы цифрдың айналасында еді. Енді үкіметте не айтылды, қандай баға берілді, соған тереңірек тоқталайық.
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, жыл басынан бері қара күзге дейін сыртқы сауда айналымы 36,9%-ға өсіп, 74,3 млрд доллар болды: Экспорт 52,9%-ға өсіп, 48,9 млрд доллар болды, оның ішінде өңделген тауарлар 35,7%-ға өсіп, 14,3 млрд долларды құраса, ал тауар импорты 25,3 млрд долларға жетті.
Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша машина жасау өндірісі 7,9%-ға, оның ішінде:
Автомобиль жасау 18,2%-ға;Электр жабдықтары өндірісі 8,3%-ға;Тамақ өнімдерінің өндірісі 3,5%-ға;Сусындар өндірісі 7,5%-ға;Пластмасса...