Жыл соңына дейін жаңа бір банк Қазақстан нарығына келуі мүмкін. Бұл жайлы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мадина Әбілқасымова айтты.
«Қазіргі уақытта осы бағытта өте белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біздің нарыққа келетін алғашқы шетелдік банктердің бірі – Қатар банкі. Білуімше оларға Bereke Bank-ті сату бойынша келіссөздер аяқталуға жақын. Сонымен қатар бірнеше инвесторлар да бұл мәселеге қызығушылық танытып отыр. Осы орайда жыл соңына қарай елімізге тағы бір жаңа банк кіріп қалуы мүмкін. Инвестордан нақты жауап алынбайынша, әзірге елімізге қандай банк келетінін ашып айта алмаймын «,– деді Әблқасымова.
Өткен күзде Қаржы нарығын дамыту және...