Чикаго тауар биржасында (CME) алтын келісімшартының құны 1,93%-ға өсті. Бағалы металл өзінің «құнды» болуының арқасында бір унция үшін 2094,3 долларға жетті. Бұл соңғы екі айдағы ең жоғары деңгей. Дәл осы бағамен алтын 2023 жылдың 28 желтоқсан айында сатылған еді. Бұл туралы РБК сайты хабарлады.
TD Securities-тің жетекшісі Барт Мелектің айтуынша, орталық банктердің барлығы алтынды белсенді сатып алуды қолдайды. Сондықтан алтын құны одан әрі өсе түседі. Өйткені Барт Мелек ФРЖ-ның жылдың ортасына қарай ақша-несие саясатын жеңілдететініне сенімді.
«Үш-төрт айдан кейін, егер біз нашар экономикалық деректерді көрсек және нарық ФРЖ ставкаларды төмендетуге дайын екеніне сенімді болса, алтын бағасы рекордқа жетед...