Дүниежүзілік банк Қазақстан экономикасына қатысты зерттеуінде 2012 жылдан 2022 жылға дейінгі онжылдық бүкіл Қазақстан экономикасы үшін тиімсіз болды деп жазды. Мақала авторлары «Қазақстан өндіріп жатқан шикізаттан тек элитаның бір тобы ғана пайда тапты. Халық қазынадан қағылды» деген деректер келтірілген. Сенат кулуарында халықаралық қаржы ұйымының бұл мәлімдемесіне қатысты Ұлттық экономика вице-министр Тимур Жақсылықов жауап берді.
«Мен бұндай мәлімдемелерге қатысты пікір білдіре алмаймын. Менің ойымша, бұл асыра сілтеп, бағалаудың бір түрі шығар. Осы онжылдықта бізде экономикалық өсу, серпінді даму болғанын білесіздер. Тек бір рет пандемия салдарынан кідірістер болды. Өткен жылы біз 5,1 пайыздық экономикалық өсімге қол жеткіздік. Бұл...