Алматы қаласы әкімдігінің және оның құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды тұлғалары мұқият тексерілуге тиіс. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, заңгер Бақытжан Базарбек әлеуметтік желіде мәлімдеді.
Алматы қаласы Медеу ауданы Тау-Самалы шағын ауданында 4 адамның өлімімен аяқталған лай көшкініне қатысты жазбасында біраз жайтты баяндады. Депутат жер телімінің нысаналы мақсаты адамдардың араласуымен, қолдан өзгертілгенін жариялады.
Заңсыз құрылыс
Депутат төтенше жағдай салдарынан жартылай қираған «Сакура Вилладж» тұрғын үй кешені орналасқан жер телімінің нысаналы мақсаты заңсыз өзгертілгенін дәлелдеу үшін жер кадастрынан алынған дерек негізінде жасаған сараптамалық талдауын ұсынды.
«Алматы қаласы, Медеу ауданы, Олимпийская көшесі, 3А мекенжайында орналасқан кадастрлық нөмірі 20-315-903-303, жалпы алаңы...