Қайрат Сатыбалдының ұлы «Байсат» базарының жерлерін заңсыз иеленген. Бұл жайлы Алматы қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Прокуратура тексеріс жүргізіп, нәтижесінде «Байсат» базарына қатысты жасалған мәмілерлердің заңсыз жүзеге асырылғанын анықтаған.
«2024 жылдың 17 қаңтарында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының «Алматы жылу» холдинг кешенінің (қазіргі «Байсат» базары) мүлкімен жасалған барлық мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енді»,- делінген прокуратура хабарламасында.
Сотта кешеннің заңсыз сатылғаны расталған. Атап айтқанда, сот барысында қызмет бейінін сақтау және иеліктен шығаруға тыйым салу туралы шарттың талаптарын сақтамау бойынша міндетті сату шартынсыз 4 жыл бұрынғы мүлікті бағалау туралы...