Мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй алуға берілетін жеңілдетілген ипотека баспана бағасының негізсіз өсуіне түрткі болады. Салдарынан құрылыс саласында «көпіршік» қалыптасып, жылжымайтын мүлік нарығына «ережесіз ойын» тәртібі орнайды.
Applied Economics Research Centre (AERC) сарапшыларының зерттеуінше, тұтыну тауарының инфляциясымен (+2.9 есе) салыстырғанда, бастапқы нарықтағы тұрғын үйдің шаршы метрі 2010 жылдан бері қарай 3,4 есе өсті. Халықтың ақшалай табысының көрсеткіші +47%-ға ғана ұлғайса, құрылыс секторындағы баға шамамен 61,9%-ға ғана қымбаттады.
«2023 жылдың қорытындысы бойынша жаңа тұрғын үйдің шаршы метрінің бағасы 494,9 мың теңгені құрады. Салыстыру үшін айтайық, 2010 жылдың соңында жаңа тұрғын үйдің шаршы метрі 143,9 мың теңге болды...