БАӘ елінің Terminals Holding компаниясы елорда әуежайында дайындық және құрылыс-монтаждау жұмыстарының кестесін құрып, қайта жөндеу жұмыстарын 2024 жылы наурыз айының соңында бастамақ.
Жобаны іске асыру үшін жеке инвестор қаражаты жұмсалады. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың көктемінде аяқталуы тиіс.
Бұл туралы Астана қаласы әуежайында Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың қатысуымен болған жиында айтылды.
«Әуежайдың қолданыстағы ұшу-қону жолағы 20 жыл бұрын пайдалануға берілген және осы уақытқа дейін тек аэродром жабындарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген», – деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті.
Кездесуде вице-министр әуежайда рейстерді тоқтатпай жұмыс жүргізу қажеттігі туралы айтқан.
Айта кетейік, 2023 жылы қазан айында Астана әуежайы БАӘ-нің Terminals Holding компаниясының басқаруына берілген.