Жақында шетелдік әншілер Akon мен 50 Cent Қазақстанға келіп концерт қойған еді. Әншілердің Алматы мен Астанадағы жанкүйерлері оларға деген ерекше сый-құрмет жасағаны сонша, қымбат билетін сатып алып, үстілеріне шапанға дейін жапты. Тіпті әннің сөзін түсінбесе де, музыкаға еліктеген жастар, әсіресе, қыздар қауымы іш киімдеріне дейін сахнаға лақтырып, Akon-ның өзін таңқалдырды. Жастардың бұл ерсі қылықтарын сынаған жұрттың пікірі парламент қабырғасына дейін жетіп, депутаттар дабыл қақты. Осылайша Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтай Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайыловқа депутаттық сауал жолдады.
Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтайдың айтуынша, қыз тәрбиесі бұзылса, ұлт тәрбиесі әлсірейді. Депутат ұлттық құндылықтарды табанға таптауға жол бермеу керектігін алға тартты.